"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
04
июнь
2021

4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ




          «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

          Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

          Міне, бүгін еліміздің басты құндылықтары – рәміздер күні боп табылады. Бұл күн барша қазақ жұртының мақтаныш күні. Себебі, рәміздер еліміздің тәуелсіздігінің мұқалмас бөлігі. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебеге ие. Сондықтан  ұлттық рәмізді қадірлеу, құрмет тұту әр азаматтың борышы. Осы орайда, Алматы көпсалалы колледжінде рәміздер күніне байланысты іс-шаралар өткізілуде. Атап айтатын болсақ, онлайн ашық тәрбие сағаттары, флешмоб, түрлі конференциялар және т.б. Флешмобта колледж әкімшілігі, ұстаздар мен студенттер туымызды көкке көтеріп, әнұранды шырқады. Осындай бейбіт күнде көк туымызды көкте желбіретер, азат ойлы, білімді ұрпақ көп болсын.   



МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив