"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » SERVICE MASTER JUNIOR 2021 "АВТОМОБИЛЬ ТЕХНИГІ"
31
май
2021

SERVICE MASTER JUNIOR 2021 "АВТОМОБИЛЬ ТЕХНИГІ"


2021 жылдың 27, 28, 29 сәуірінде Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуссияның 117 білім беру мекемесі service master junior 2021 «автомобиль технигі» байқауының ұлттық кезеңіне өтті. Естеріңізге сала кетейік, ұлттық кезең – бұл қатысушы саналатын әр елдің ішіндегі болған жарыстың финалы. 

          Іс-шара «electude» платформасын қолдана отырып, әр білім беру ұйымдарының командалары арасында онлайн режимінде өткізілді. Байқаудың негізгі міндеттері: жастарды жеке және командалық дағдылармен жан-жақты дамытуға ынталандыру, білім беру процесін жетілдіру және оған халықаралық тәжірибенің үздік шешімдерін енгізу. Аталмыш байқауға Қазақстанның 21 білім беру мекемесі ұлттық кезеңге қатысты. Оның ішінде Алматы көпсалалы колледжінің студенттерінен құралған команда бар. Байқаудың барлық кезеңдері онлайн режимінде «lcms electude» көмегімен ұйымдастырылды. Үздік командалар 2021 жылы 18 мамырда өтетін жарыстың халықаралық кезеңінде ел мүддесін қорғады. 

          Негізінен байқау үш кезеңнен тұрады: іріктеу, ұлттық, халықаралық. Іріктеу кезеңі қатысу туралы шешім қабылдаған әр елде өткен, бұл кезең қашықтықтан интерактивті тестілеудің мамандандырылған жүйесі electude-ті қолдана отырып, оқу орындарында болды. Әр оқу орнының ең жақсы үш қатысушысы топ құрып, келесі кезеңде мекеменің намысын қорғап, шықты. Ұлттық кезең қатысушы ел шеңберіндегі байқаудың финалы болып табылады және әрбір оқу орнының командалары арасында өткізілді. Үздік командалар байқаудың халықаралық кезеңінде ел мүддесін қорғаған болатын.

          Сонымен, service master junior 2021 «Автомобиль технигі» ұлттық кезеңінің 63%-дық нәтижемен 2-орынға ие болған Алматы көпсалалы колледжінің «1201000 – Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығының 1-2 курс студенттері. Атап айтсақ, команда капитаны 2- курс студенті Денисов Роман, қатысушылары 1-курс студенттері Янковский Олег, Чепуштанов Виктор. Жетекшісі – Шапинов Тимур Саматұлы «Сервистік қызмет және жөндеу» әдістемелік циклдық комиссиясының басшысы. Тимур Саматұлы іріктеу кезеңін сәтті ұйымдастырғаны және өткізгені, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған кәсіби шеберлік байқауының Қазақстанда өткен ұлттық кезеңіне команданы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.  

          Жалпы байқаудың мақсаттары: автобизнес саласындағы кәсіптердің беделін арттыру, талантты және болашағы зор жастарды анықтау, кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіру, оқытуға тиімді инновациялық әдістерді, интерактивті бағдарламаларды енгізу, жастарды авто-қызметтер саласында тұрақты өсу мен дамуға ынталандыру, жас кадрлармен бірлесе жұмыс жасауда беделді жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру, автомобиль технологиясы бойынша озық білім беру.


МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив