"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ – 2021
18
май
2021

ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ – 2021


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Химия пәнінің үздік педагогі – 2021» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Байқаудың міндеті еліміздің білім беру ұйымдарының химия пәні педагогтерін қолдау, үздік химия пәні педагогтерін, оқытушы мен мұғалімдерін анықтау. Аталмыш іс-шараға республика көлемінде ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысуға мүмкіндігі болды. Бұл байқауға Алматы көпсалалы колледжінің ардагер ұстазы Бейсенбаева Динара Советқызы қатысып, жүзден жүйрік шықты. 

          Қатысушыларға қойылған негізгі талап – «Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім» атты 3 беттен аспайтын, өзі жайлы жазылған эссе жазу. Эсседе ұстаздың бала тәрбиелеудегі инновациялық әдістерін ұсынылып, педагогтің жаңашыл тұлғасын суреттеп, білім беру саласындағы өзіндік бір идеясы көрініс табуы тиіс. Эссе «Химия пәнінің үздік педагогі – 2021» атты республикалық байқауының материалдар жинағында жарияланды. Ал жеңімпаздар «Химия пәнінің үздік педагогі – 2021» атты  республикалық түрлі-түсті кітап жинағы және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен  марапатталды. Жоғарыдағы талаптарды орындай отырып, көлемді эссе жазған Алматы көпсалалы колледжінің химия пәнінің мұғалімі Динара Советқызы Bilim-orkenieti ҰИҒЗО ұйымдастыруымен өткен «Химия пәнінің үздік педагогі – 2021» байқауының 1-дәрежелі дипломымен және төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапаттарды колледж директоры Раймбеков Қуат Оразбекұлы табыстады. Колледж педагогтерінің ғылыми әлеуетін арттыруда және шығармашылық қабілетін дамытуда үнемі қол ұшын береді. Осы орайда, колледж еліміздің білімі мен ғылымының дамуына зор үлес қосып жүрген үздіктерін әрқашан бағалайды. Себебі, колледж жоғары деңгейлі, кәсіби білікті және өз мамандығын үздік игерген мұғалімдерден құралған. 



МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив