"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2021

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Бүгін Алматы көпсалалы колледжінің акт залында «7-мамыр Отан қорғаушылар күніне» орай ер азаматтарға арналған мерекелік концерт өтті. Концертке колледж директоры мен оқытушылары қатысты. Іс-шарада әуезді ән, тебірентер толғау орындалып, құттықтау өлең де оқылды. Мерекелік шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді. Карантин қажытқан көпшілік үшін бұл іс-шара да сергіту сәті болды.

          Ел қорғаны – ер азаматтар қай салада болмасын қызмет етіп, ел алдындағы борышын өтеуде. Біздің оқу ордамыздың ерлері де кейінгі ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбие жағынан өнеге боп, жастарды тәрбиелеп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Меркелік кеш Нұрғазы Жұлдыз Мұратбекқызының әдемі өлең оқумен ашылып, Ақпантаева Эльмира мен Ізбасарова Нұргүлдің орындауындағы әуезді әнмен жалғасты. Және де колледж директоры әріптестерін мерекелерімен құттықтап, оқытушылар өз ізгі тілектерін жеткізіп, дайындаған сыйлықтарын тапсырды. Оқу ордамыздың «Домбыра және оркестр» үйірмесінің көркемдік жетекшісі Каниева Сәуле Қапарқызы шырайлы шу ақыны Аяз Бетбаевтың «Өмір толғауы. Жігіттерге өсиет» атты термесін орындады. Сондай-ақ, «Отан – отбасынан басталады» демекші, бір-бір отан құрып, отағасы боп отырған ер азаматтарымызды құттықтау кешінде кәсіподақ төрағасы Құсайынов Айдын Қайратұлы кәсіподақ атынан осы жылғы мерейтой иелеріне құттықтау грамотасын тапсырып, шапан жапқан болатын. 


Атап айтсақ, Талдыбаев Бейбіт Есенжанұлы 60 жасқа, Федорович Владимир Евгеньевич 63 жасқа толуына орай сый-құрметке бөленді. Сонымен қатар, Асықбай Мейірхан, Умирбаев Ринат, Мырзаханов Біржан, Бейсебаев Ертай «Еңбек грамотасымен» марапатталды. 

          Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ер азаматтар біздің колледжімізде бар. Неге десеңіз ұрпақ тәрбиелеуде Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда. Жығылғанда демеу болатын, жылағанда медеу болатын ерлердің орны ерекше десек қателеспейміз. 


МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив