"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
01
октябрь
2020

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ











Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты жаппай карантин шараларының енгізілуі барлық деңгейдегі білім беру ордаларына қашықтан оқытуды дамытуға мүмкіндік бергені анық. Бұл белең алып отырған індетті таратпау мақсатында қолға алынған уақытша шара. Осыған орай, Алматы көпсалалы колледжі де онлайн оқыту жүйесін сәтті жүзеге асыруға көшті.
Сапалы кадр дайындауды негізгі миссиясы санайтын Алматы көпсалалы колледжі әлемдік деңгейде әуре-сарсаңға түсірген пандемия кезінде бұған дейінгі алдыңғы қатарлы жүрісінен жаңылмауды басты назарда ұстап отыр. Ол үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, болашақ қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбие мен қажетті білім беру бірінші орында қарастырылған. 
Мұндай бастаманы Білім және ғылым министрлігі де қолдап отыр. Министрлік тарапынан оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалды. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылып жатыр. Бұл ретте «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online», «Coursera», «ZOOM», «Teams», «Skype»  сынды жүйелер өз курстарын, оқу бағдарламаларын, қызметтерін тегін пайдалануды ұсынды. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланған Алматы көпсалалы колледжі қашықтықтан оқыту жүйесіне тез әрі еш қиындықсыз ауысып жұмыс жасап отыр. Әлеуметтік жауапкершілік аясында колледж оқу үдерісін сүйемелдеу үшін мемлекет әзірлеген «Bilim.kz» сандық жүйесін қолданатын оқу орындарына тегін қызмет көрсету және кеңес алу мүмкіндігін берді. Шәкірттерге тиімді бағдараламлармен оқыады. Сонымен қатар, аса танымалдыққа ие «Zoom» бірегей сандық білім беру ресурсы арқылы жұмыс істейді.
Колледж сайтында студенттерге ыңғайлы болу үшін, оқудың онлайн жүйесін үйрету мақсатында, арнайы видео-сабақтар мен түсіндірмелік жұмыстар салынған. Әр мамандықтың сабақ кестесі де ұғынықты тәсілдермен берілген. 
"COVID-19" бүкіләлемдік пандемиясы елдер арасында практикалық тәжірибе мен жаңа ғылыми-техникалық әзірлеме қажет екенін айқындап берді. Әлемік індетті барша қоғам бірлесе отырып қана еңсере алатыны белгілі. Әрбір жеке тұлға қауіпті індеттің таралмауына өз қолынан келетін үлесті қосуға барын салуы қажет. Мұны колледж қызметкерлері мен ұстаздары жан-жақты түсініп, үкімет бекіткен санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Студенттермен қарым-қатынас виртуалды жүйе арқылы жүзеге асады. Кампус аймағында санитарлық адам өткізу бекеті орнатылып, электронды термометр, антисептик «стеризол» диспенсері қойылған. Қызметкерлер маскамен қамтамасыз етіліп, пандемияға байланысты түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады.

МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив