"Алматы көпсалалы колледжі" "Алматинский многопрофильный колледж"
Телефоны приемной:
8(727) 309-59-44
8(727) 309-59-47
8(727) 265-21-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы көпсалалы колледжнің студенттер үйі
09
февраль
2021

Алматы көпсалалы колледжнің студенттер үйі

Алматы көпсалалы колледжнің студенттер үйі

Алматы көпсалалы колледж студенттер үйі 1964 жылы іргетасы қаланған.  Жандосов 61 көшесінің Береговой қиылысында орналасқан. Студенттер үйі үш қабаттан 711 м2 пайдалы аумақтан, 54 бөлмесі бар.  Жатақхана 2014 жылы күрделі жөндеуден өтіп, біраз жаңарып қалды. Колледж жатақханасында басқа аймақтардан келген студенттерге 115 орындық жатын орын бар. Жатақхана студенттеріне барлық жағдайлар жасалынып, жабдықталған. Жаңа жихаздармен қамтылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары қарастырылған.

Дәрігерге дейінгі аурулардың алдын алу жұмыстары, медбике оқшауланған бөлмесінде жүргізеді. Бюджеттік қаражат есебінен дәрілік препараттарды  сатып алынады.

          Жаңа оқу жылының қарсаңында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылыту маусымына дайындық жүзеге асырылады. Қысқы уақытта жылыту жүйесі үздіксіз жұмыс жасайды. Жатақханаға қосылған барлық коммуникациялар жылумен, электрмен, ыстық және суық сумен жабдықталуын және кәріз сарқынды су құбырлары қадағалауда болады. Жатақхана аумағында жарық орнатылған, тәулік бойы ішкі және сыртқы  бейнебақылау 12 камерасы орнатылған. Барлық ақпараттар директорға, күзетшіге көрсетіледі, бейнежазба сақталады. Жатақхана өрт қауіпсіздігінен сақтануы автоматты түрде қорғау арқылы жүзеге асырылған.

Әр оқу маусымына дезинфекциялық тазалық жұмыстары жүргізіліп, барлық төсек орындарын камералық ыстық бумен дезинфекцияланады. Қазіргі әлемде, елімізде  болып жатқан пандемияға байланысты дезинфекциялық жұмыстар жиі жүргізіліп, дезинфекциялық тунел орнатылды. Сонымен қатар антисептик, маскалармен қамтамассыз етілген. Қазіргі кезде жатақханамызда 40 студент бар. Олар карантин тәртібін ескере, ара қашықтықты сақтай отырып, 2 немесе 1 студенттен 1 бөлмеге орналастырылған. Жатақхананың әр қабатында Wi-Fi интернет құрылғысы орнатылған. Студенттер үйінің барлық білім алушыларына қолайлы жағдай жасалған.  Жатақхана меңгерушісі Тортаева Ж.Б, жатақхана тәрбиешісі Құсайнов А.Қ мен фельдшер. Құрманбаев Д.Б студенттерімізді жиі тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Карантин тәртібіне сәйкес студенттер жатақхан ересін сақтап, қадағаланып отырады. 






 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив